Ақтөбе қаласында полиция қызметкері әйел адамды қағып, қашып кеткен

23 Сәуір, 2019 673 0

NewsROOM+. Ақтөбеде полицей әйелді қағып өлтіріп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы 15 сәуір күні шамамен 00:30-да Рысқұлов даңғылының бойында орын алған. Автокөлік иесі әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. 55 жастағы әйел сол жерде қайтыс болған.

"Полиция қызметкерлері автокөліктің бөлшектері арқылы автоның маркасын және түсін анықтады. Осы ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын егжей-тегжейлі тексеру кезінде жеке автокөліктің мемлекеттік нөмірі анықталды. 17 сәуірде аталған қылмысты жасағаны үшін күдікті ретінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 41 жастағы полиция қызметкері ұсталды. Ол бірден жол апатына кінәлі екенін мойындады. Ол тергеу изоляторына қамалды", - деді ПД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысының полиция департаменті өз қатарында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар жүргізіп тұрады.

"Полицей қылмыс жасаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деді полиция қызметкерлері.
Дереккөз: hola news

Тегтер: ақтөбе, полиция, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.