Nur Otan партиясы күні кеше сайлауалды бағдарламасы негізінде үкіметке есеп берді. Естеріңізде болса, 2016 жылы партия "Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасының жариялаған болатын. Кеше Палата Спикері, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті. Бейнеконфенция форматында өткен кеңейтілген жиынға Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, сондай-ақ, Үкімет мүшелері қатысты.
Nur Otan партиясының есебі туралы әлеуметтік желіде түрлі пікір айтылып жатыр. Мәселен Аяз Би есімді қолданушы Nur Otan партиясы есеп беріп жатқан кезде, "Ақ Жол" сынды әрі кеше ғана ребрендинг жасаған партиялар халыққа жұмыстары туралы неге айтпайды, деген ойда жазба қалдырған.
Ал Данияр Есен партияның 4 жылда қандай шаралар атқарғаны туралы жазба қалдырып, арнайы сандарға да тоқталып өткен.
Nur Otan партиясы бағдарламадағы 120 тармақтың 116 -cын орындаған. Бұл партияның бағдарламаға сай жұмыс істеп, үдеден шығуға тырысқанын айқындап тұр.
Кеңейтілген жиын барысында «Nur Otan» фракциясының депутаттары қазақстандықтар үшін өзекті мәселелерге назар аударды. Бірінші кезекте, ол еліміз бойынша әсіресе, ауылдық жерлерде жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз ету. Сондай-ақ депутаттар қаржыландыру мен құрылыс көлемін, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұлғайту қажет деп санайды. Жиында ссы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және салынып жатқан үйлердің сапасына бақылауды қатаңдату сияқты басқа да мәселелер қамтылды.