Жүрсін Ерман: Елімізді әйел адам басқаратындай басымызға не күн туды

23 Сәуір, 2019 667 0

Бұл туралы Sputnik-ке сілтеп newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман Қазақстанда президент болып кім сайлануы мүмкін деген сауалға жауап бере кетті. 

"Жастарымыз бар, саясаткерлер бар, соның бірі болады да. Бастысы еліміздің жағдайы көтерілсе, көпбалалы аналар жайы, әлеуметтік мәселелер қолға алынса дейміз", - деді ол.

Ақын ағамыз әйел адам президент болуы мүмкін бе деген сұраққа ойын айтты.

"Елімізді әйел басқаратындай не күн туды басымызға? Ондай әңгімеге әлі ерте. Демократиялық ел болғанымызбен, қазақы болмысымызы сақтаған елміз. Ондай қазақта мүлде болмаған", - дейді Жүрсін Ерман. 

Тегтер: ЖүрсінЕрман, айтыс, ақын, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.