Балабақшаға бару құны 1000 теңге

Балабақшаға бару құны 1000 теңге

ашық дереккөзі

 width= Балабақшадағы орын 1000 теңге! Павлодарда   мемлекеттік балабақша әкімшілігі  ата-аналардан орын сақтап қалу үшін осынша ақша алып отырған.  Тіпті,  мектепке дейінгі мекеменің табалдырығын аттамаса да, кей ата-аналар айлап ақы төлегенін айтады. Бұл қаншалықты заңды? Білім басқармасындағылар қандай уәж айтты?  Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі   Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Әсем Ахметова  балабақшаға жолдаманы маусым айында алған. Бірақ, елдегі эпидахуалға байланысты баласын бермеуді жөн көріпті.  Десе де ата-аналар чатына орынды сақтап қалу үшін мың теңгеден төлеу керектігі жайында хабарлама көрген соң, ай сайын осы  сомманы төлеп келгенін айтады.  Әсем АХМЕТОВА, қала тұрғыны: "Маған бірнеше уақыттан кейін СМС-хабарлама келді. Орынды сақтап қалу үшін 1000 тг төлеңіз деген. Мен төледім. Үш ай қатарынан төлеп отырдым". Өзге де ата-аналар балаларын балабақшаға жібермей, үйде қалған. Бірақ, тәрбиешілер елдегі қысылтаяң шаққа қарамастан  қайта-қайта ақы төлеуді талап еткен.  Ең қызығы 1000 теңгеге қатысты келісімшартта арнайы тарау бар, дейді заңгер. Инна ЛАПИНА, Заңгер: "Егер де екі жақ келісімшартқа қол қойса, ондағы шартпен, әлгі тараумен келіседі деген сөз!". Ал басқармадағылар керісінше, балабақша әкімшілігіне орынды сақтап қалу үшін ақы алмау жөнінде ескерткенбіз деп отыр. Зауреш ҚАЛИЕВА, Қалалық білім басқармасы басшысының Орынбасары:  "Атап өтерлігі, келісім-шартта 1000  теңгеге қатысты жазылған.  Бірақ, карантин кезінде балабақша басшыларымен арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.  Яғни, балабақшаға бармайтын ата-аналардан ақы алмауы тиіс". Білім басқармасының мәліметінше, карантин уақтында павлодарлық  балалардың  тең жартысы үйлерінде қалған. Ал бұл аралықта балабақша басшылары ата-аналардан қанша қаражат жинап алғаны белгісіз, дейді. Жанмарал МАХМЕТОВА, балабақша Меңгерушісі: "Ата-аналардың төлем ақысы ол тамақтану, күтім. Бір мың. Оның бәрі цифрлық жүйесінде бар. Квитанцияларды шығарған кезде сол екеуі қарастырылыған. Екі жол тамақтану, екіншісі күтім. Ол квитанцияда қарастырған осы екеуі. Басшы ретінде мойындаймын". Балабақшаның бұрынғы қызметкері  мектепке дейінгі мекемедегі қаржылық операцияға құзырлы органдар назар аудару керек деп есептейді. Себебі.... Роза ГУДАНАЕВА, қала тұрғыны: «Бір топта 30 бала. Менің ұлым балабақшаға тұрақты түрде барып жүрді.  Екі түбіртекті салыстырсам, 17 күн бойы балабақшаға бармаған бала да -13800 теңге төлесе, менің де балама 13800 теңге шығып отыр. Қысқасы, ата-аналарға айлап төлеген ақылар түгел қайтарылады. Ал  заңсыз ақша жинап келген балабақша меңгерушісіне қалалық білім басқармасы сөгіс беріпті. https://youtu.be/CTvf6ctAkKQ

Жүктелуде...