Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден Азия чемпионатында топ жарды

23 Сәуір, 2019 789 0

NewsROOM+. Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. 

Сондай-ақ, 800 метрге жүгіруден Маргарита Мукашева қола медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:03.83.

Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Иванов та қола жүлдегерлер қатарында. 

Айта кетелік, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Азиядағы үздік үштікке енген болатын. 

 


Тегтер: катар, ОльгаСафронова, азия, чемпион

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.