Ақтөбелік оқушылар компьютерлік сауаттылық курсына қатысты

Ақтөбелік оқушылар компьютерлік сауаттылық курсына қатысты

ашық дереккөзі

 width= ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қазан айының 5-і мен 10-ы аралығында Ақтөбе облысының ауылдық жерлерінде оқитын оқушыларға арналған компьютерлік сауаттылық курсы ұйымдастырылды. Курсқа Ақтөбе облысының Алға, Әйтекеби, Байғанин, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар, Ырғыз аудандарынан жиналған жалпы саны 200 оқушы қатысты. Курсқа Ақтөбе облысының білім беру мекемелерінің мұғалімдері волонтерлік көмек көрсетті. Курс барысында оқушылар әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, Gmail поштасының артықшылығы, Google жүйесіндегі қызмет түрлері, Links, QR-code, презентация жасау кезінде ескеретін қағидалармен танысты. Сондай-ақ оқушылар ұялы телефон көмегімен фото және видео өңдеу жолдарын меңгерді. Әр тақырып бойынша практикалық тапсырмалар орындап, волонтер-оқытушылардың кеңестерін тыңдады. Курс соңында оқушыларға сертификат табысталып, оқушылар волонтер-оқытушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Жүктелуде...