Компьютерлік сауаттылық курсы ұйымдастырылды

Компьютерлік сауаттылық курсы ұйымдастырылды

ашық дереккөзі

 width= ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қазан айының 5-і мен 10-ы аралығында Маңғыстау облысының ауылдық жерлерінде оқитын оқушыларға арналған компьютерлік сауаттылық курсы ұйымдастырылды. Курсқа Маңғыстау облысының Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарынан жиналған жалпы саны 200 оқушы қатысты. Курста Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің оқутушылары мен студенттері волонтерлік көмек көрсетті. Курс барысында оқушылар әлеуметтік желідегі қауіпсіздік, Gmail поштасының артықшылығы, Google жүйесіндегі қызмет түрлері, Links, QR-code, презентация жасау кезінде ескеретін қағидалармен танысты. Сондай-ақ оқушылар ұялы телефон көмегімен фото және видео өңдеу жолдарын меңгерді. Әр тақырып бойынша практикалық тапсырмалар орындап, волонтер-оқытушылардың кеңестерін тыңдады. Курс соңында оқушыларға сертификат табысталып, оқушылар волонтер-оқытушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Жүктелуде...