100 оқушы мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды

100 оқушы мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды

ашық дереккөзі

 width= «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасының бір бағыты – ауыл мектептерінде оқитын оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау. Түркістан облысында осы бағыт бойынша ұйымдастырылған ҰБТ-ға дайындық курсы сәуір айының 20-сы мен маусым айының 14-і аралығында өтті. Алдымен өңірлердегі соңғы жылдардың Ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіштері сараланып, Сайрам, Созақ, Мақтаарал, Келес аудандарынан  әлеуметтік осал топ өкілдеріне жататын жалпы саны 200 оқушы іріктеліп алынды. Оның ішінде көпбалалы отбасылардан 107, асыраушысынан айрылған 46, мүмкіндігі шектеулі 7 және аз қамтылған отбасылардан 40 оқушы. Оқушылар Ұлттық Бірыңғай тесілеуге кешенді түрде дайындалды, яғни әр оқушы 5 пән бойынша курстық даярлықтан өтті.  Оқу бағдарламасына сәйкес, видеосабақтар әзірленіп,  Google Classroom платформасына жүктелді. Аталмыш курсқа  арнайы дайындықтан өткен 25 волонтер жұмылдырылды. Олар оқушылар тарапынан туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, үнемі кері байланыс орнатып отырды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтсақ, ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловпен кездесу; BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбекпен кездесу; 2018, 2019 жылдардың түлектері Шиара Құдайберген және  Қасымжан Жұбаймен кездесу. Бұл кездесулер оқушыларды қанаттандырып, көкейлерінде жүрген сан сауалға жауап табуға көмектесіп, жетістікке жетуге деген ынтасын арттыра түсті. Соның нәтижесінде қурсқа қатысқан оқушылар Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Курсқа қатысқан 200 оқушыдан 100 оқушы мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды. ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Смағұлов Дидар Нұркенұлымен кездесу (22.05.2020) https://www.youtube.com/watch?v=cbyVXyQ6uN8&t=79s 2018, 2019 жылдары ҰБТ-дан 140 балл жинаған талапкерлер Шиара Құдайбергенова мен Қасымжан Жұбаймен кездесу (28.05.2020) https://www.youtube.com/watch?v=2AeREsC2u9c&t=486s BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбекпен «Мамандыққа бағдар» тақырыбында кездесу (04.07.2020) https://www.youtube.com/watch?v=xRu2NCjxYbY&t=106s

Жүктелуде...