ҰБТ-ға дайындық курсы жүргізілді

ҰБТ-ға дайындық курсы жүргізілді

ашық дереккөзі

 width=  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында сәуір айының 20-сы мен маусым айының 14-і аралығында Маңғыстау облысының ауылдық елдімекендерінде оқитын оқушыларға арналған  Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық курсы жүргізілді. Курсқа Маңғыстау облысының ауылдық елдімекендерінде оқитын әлеуметтік жалпы саны 200 оқушы, оның ішінде көпбалалы отбасылардан 112, асыраушысынан айрылған 38, мүмкіндігі шектеулі 4 және аз қамтылған отбасылардан 46 оқушы қатысты. Оқушыларды ҰБТ-ға кешенді дайындау мақсатында міндетті және бейіндік пәндер бойынша видеосабақтар дайындалды. Оқушылардың дайындық жұмыстарына өңірлік 25 волонтер жұмылдырылды. Волонтерлер оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтарды меңгертуге тырысты. Оқушылармен үнемі кері байланыс орнатып, мотивациялық кездесулер ұйымдастырып тұрды. Курс барысында ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловпен, BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбекпен, 2018, 2019 жылдардың түлектері Шиара Құдайберген және  Қасымжан Жұбаймен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бойынша жаңа ережелер танытырылып, мамандық таңдауға қатысты кеңестер берілді. Курсқа қатысқан оқушылар Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, 22 талапкер 100 баллдан жоғары нәтижеге қол жеткізді. ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Смағұлов Дидар Нұркенұлымен кездесу (22.05.2020) https://www.youtube.com/watch?v=cbyVXyQ6uN8&t=79s 2018, 2019 жылдары ҰБТ-дан 140 балл жинаған талапкерлер Шиара Құдайбергенова мен Қасымжан Жұбаймен кездесу (28.05.2020) https://www.youtube.com/watch?v=2AeREsC2u9c&t=486s   BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбекпен «Мамандыққа бағдар» тақырыбында кездесу (04.07.2020) https://www.youtube.com/watch?v=xRu2NCjxYbY&t=106s

Жүктелуде...