Ақтөбелік 200 оқушы ҰБТ-ға дайындық курсына қатысты

Ақтөбелік 200 оқушы ҰБТ-ға дайындық курсына қатысты

ашық дереккөзі

 width= ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның бір бағыты ауыл мектептерінде оқитын оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауға арналған. Аталмыш жоба аясында сәуір айының 20-сы мен маусым айының 14-і аралығында Ақтөбе облысының ауылдық елдімекендерінің оқушыларына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық курсы ұйымдастырылды. Курсқа Ақтөбе облысының ауылдық елдімекендерінде оқитын әлеуметтік жалпы саны 200 оқушы, оның ішінде көпбалалы отбасылардан 132, асыраушысынан айрылған 24, мүмкіндігі шектеулі 5 және аз қамтылған отбасылардан 29 оқушы қатысты. Оқушыларға міндетті және бейіндік пәндер бойынша видеосабақтар дайындалып,  Google Classroom платформасына жүктелді Оқушылардың білім алуына өңірлік 25 волонтер жұмылдырылып, олар оқушылармен үнемі кері байланыс орнатып, оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп отырды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында 3 онлайн кездесу ұйымдастырылды. Атап айтсақ,  ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловпен; BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбекпен; 2018, 2019 жылдардың түлектері Шиара Құдайберген және  Қасымжан Жұбаймен кездесу. Кездесу барысында оқушыларға ҰБТ бойынша жаңа ережелер танытырылып, мамандық таңдауға қатысты кеңестер берілді. Курсқа қатысқан оқушылар ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, 20 талапкер 100 баллдан жоғары нәтижеге қол жеткізді. ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Смағұлов Дидар Нұркенұлымен кездесу (22.05.2020) https://www.youtube.com/watch?v=cbyVXyQ6uN8&t=79s 2018, 2019 жылдары ҰБТ-дан 140 балл жинаған талапкерлер Шиара Құдайбергенова мен Қасымжан Жұбаймен кездесу (28.05.2020) https://www.youtube.com/watch?v=2AeREsC2u9c&t=486s BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбекпен «Мамандыққа бағдар» тақырыбында кездесу (04.07.2020) https://www.youtube.com/watch?v=xRu2NCjxYbY&t=106s

Жүктелуде...