Мұхамеджан Тазабеков туралы деректі фильм түсірілді (видео)

Мұхамеджан Тазабеков туралы деректі фильм түсірілді (видео)

ашық дереккөзі

в width= Белгілі айтыскер ақын, "Дарын" мемлекеттік сыйлықтың иегері әрі "Asyl arna" арнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков туралы деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Asyl arna" арнасының youtube-тегі парақшасына сілтеме жасап.  Деректі фильм бірнеше бөлімнен тұратын болуы керек. Себебі аталған фильм бірінші бөлімі. Фильм "Қазақтың Мұхамеджаны" деп аталады. Фильмнің жарыққа шыққанына енді 13 сағат өткен кезде Нұрбек Матжани өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына төмендегідей жазба қалдырған:

Егер бір арна өзінің басшысы туралы деректі фильм түсірсе, оны журналистикада "мүдделер қақтығысы" деп атайды. Бұл журналистика этикасына қайшы. Себебі Сізге бағынышты журналистер сіз туралы объектив, бейтарап ақпарат беруі екіталай. Объектив, бейтарап ақпарат беру журналистиканың басты миссиясы.

Бұл кейске басқа призмадан қарап көрейік. "Асыл арнаның" кадрлары өздерін журналист, ал кәсіптерін журналистика деп атамауы мүмкін. Жасы елуге жетпеген тірі адамды бетін бақырайтын қойып мақтауды мұсылмандар түгіл христиандар да, яхудулер де құптамайды деп ойлаймын.

https://www.youtube.com/watch?v=7REqF4CC9z4&ab_channel=AsylarnaTVonline&fbclid=IwAR3YbnhbL4-cuAXDqZ9GveDDHcYtkz6OMpvsz1W0KIiGCnI3dEvj4AP041I

Жүктелуде...