Министр білім саласында маңызды өзгеріс болатынын мәлімдеді
Министр білім саласында маңызды өзгеріс болатынын мәлімдеді

Кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастама көтердік, - деді министр.Бұдан бөлек, Аймағамбетов кітапхана ісіне қатысты да пікір білдірді. Бүгінгі таңда көптеген мектеп кітапханаларының жұмыс форматы ешқандай сын көтермейді, - деді Аймағамбетов. Көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Бұндай жобалар қазірдің өзінде бар. Олардың авторларымен бірігіп жұмыс істемекпіз. Сондай-ақ, біз геймификация элементтерін қолдануды жоспарлап отырмыз, - деді Аймағамбетов. Министрдің сөзінше, бұл міндеттерді шешу тек білім мекемелерінің ғана емес, ата-аналардың да уақытын және күш-жігерін талап етеді екен. Сол себепті аталған жұмысты олар қолдайды деп үміттенемін, деп сөзін толықтырды Аймағамбетов. Бүгінде білім және ғылым саласына қарасты 7 096 кітапхана жұмыс істейтіні белгілі болды. Мектептерде – 6 461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сонымен қатар, республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана бар. Білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің балалар үшін қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірлеген. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алу бойынша шаралар қабылданады.