Министр білім саласында маңызды өзгеріс болатынын мәлімдеді

Министр білім саласында маңызды өзгеріс болатынын мәлімдеді

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кітапханашылардың мәртебесін арттыру, еңбекақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы министр facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастама көтердік, - деді министр.
Бұдан бөлек, Аймағамбетов кітапхана ісіне қатысты да пікір білдірді. Бүгінгі таңда көптеген мектеп кітапханаларының жұмыс форматы ешқандай сын көтермейді, - деді Аймағамбетов. Көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Бұндай жобалар қазірдің өзінде бар. Олардың авторларымен бірігіп жұмыс істемекпіз. Сондай-ақ, біз геймификация элементтерін қолдануды жоспарлап отырмыз, - деді Аймағамбетов. Министрдің сөзінше, бұл міндеттерді шешу тек білім мекемелерінің ғана емес, ата-аналардың да уақытын және күш-жігерін талап етеді екен. Сол себепті аталған жұмысты олар қолдайды деп үміттенемін, деп сөзін толықтырды Аймағамбетов.  Бүгінде білім және ғылым саласына қарасты 7 096 кітапхана жұмыс істейтіні белгілі болды. Мектептерде – 6 461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сонымен қатар, республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана бар. Білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289. Сонымен қатар, көркем әдебиеттің балалар үшін қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірлеген. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алу бойынша шаралар қабылданады. 

Жүктелуде...