"Мәйіттер шекараға жеткізілді": Мырзахметов Қордайда апатқа ұшырағандар туралы айтты

22 Сәуір, 2019 633 0

NewsROOM+. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет кулуарында Қордай маңайында болған жол-көлік апаты туралы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.

"11 адам қаза тапты. 31 адамға әртүрлі деңгейде медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде ауруханада тоғыз адам жатыр, оның үшеуі – жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, дегенмен тұрақты. Жансақтау бөліміндегі үш адамның бірі – Өзбекстан азаматы. Алты адам аурухананың әртүрлі бөлімінде жатыр, олардың екеуі – Өзбекстан азаматы, қалғандары – қазақстандықтар", - деп айтты Мырзахметов.

Облыс әкімі Қазақстан тарапы жол-көлік апатынан қаза тапқандардың мәйітін шекараға дейін жеткізгенін атап өтті. 

Еске сала кетсек, 20 сәуір күні таңғы сағат 05.00-де Жамбыл облысындағы Қордай ауданынан 181 шақырым жерде Алматы-Ташкент тасжолында Toyota маркалы автокөлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған. Тасжол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен. 

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.


Тегтер: АсқарМырзахметов, жамбыл, авария

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.