Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен кездесті

22 Сәуір, 2019 632 0

NewsROOM+. Аяқсыз дүниеге келген елордалық Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен және «Барселонаның» басқа да жұлдыздарымен кездесті.

Әли аргентиналық футбол жұлдызымен суретке түсіп, оған қазақстандық шоколад сыйлады. Бала клубтың жаттығуында және Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында болған.

«Әрине, ішімде көбелектер ұшып жүрді, әсіресе, Месси басымды сипағанда. Кейін бірдеңе деді. Құдайға барлығы үшін рақмет! Алла Тағалаға сеніңіз, тек одан сұраңыз, барлығы оның қолында! Мен армандадым, ата-анам орындауға тырысты, ал Алла бәрін жасады», - деп жазды Әли Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, наурыз айында Әли Украинаның футбол құрамасымен және команданың бас жаттықтырушысы Андрей Шевченкомен кездесті. 2018 жылы «қазақстандық Вуйчич» Марадонамен және ПСЖ футбол клубының жұлдыздарымен жүздескен еді.



Дереккөз: Hola news

Тегтер: ӘлиТұрғанбеков, месси, футбол

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.