Ақтөбе облысының оқушылары тегін курсқа қатысты

Ақтөбе облысының оқушылары тегін курсқа қатысты

ашық дереккөзі

 width= Волонтер жылы аясында елімізде көптеген игі бастамалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырылатын «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы. Ел жастарының білім-білігін арттыруға бағытталған жобаның бір бағыты оқушыларға ағылшын тілін оқытуға арналған. Аталмыш жоба аясында шілденің 7-сі мен тамыз айының 31-і аралығында Ақтөбе облысының ауылды елдімекендерінің оқушыларына арналған ағылшын тілі курсы ұйымдастырылды. Курсқа 487 оқушыдан өтінім түсіп, 250 оқушы іріктеліп алынды. Оның ішінде көпбалалы отбасылардан 143, асыраушысынан айрылған 18, мүмкіндігі шектеулі 2 және аз қамтылған отбасылардан 35 оқушы қатысты. https://www.youtube.com/watch?v=gLwoY_V7Q1A&t=59s Оқушылардың тілдік деңгейі анықталып, нәтижесінде 13 – Elementary тобы, 2 – Pre-Intermediate тобы жасақталды. Курс барысында оқушыларға арналған видеосабақтар түсіріліп, YouTube желісіне жүктелді. Курста бойынша өңірлік 15 волонтер-оқытушы жұмылдырылып, олар оқушыларға Zoom, Skype қосымшалары арқылы  онлайн волонтерлік қызмет көрсетті. https://www.youtube.com/watch?v=KsLsnEdQPiA&t=1743s Сондай-ақ, оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3 онлайн кездесу ұйымдастырылды. Ағылшын тілін үйренуге қатысты пайдалы кеңестер мен жетістікке жету жолындағы тәжірибелер туралы талқыланған онлайн кездесуде оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. https://www.youtube.com/watch?v=k8G8A7g_jss&feature=youtu.be Курс бойынша бақылау емтихандары алынып, қатысқан оқушыларға сертификат табысталды.

Жүктелуде...