Трамп Иранның «ядролық нысандарын» атқылауды талқылады

Трамп Иранның «ядролық нысандарын» атқылауды талқылады

ашық дереккөзі

 width= АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің көмекшілерімен Иранның «ядролық нысандарын» атқылауды талқылаған дейді бірқатар батыстық БАҚ өкілдері. The New York Times газетінің ақпаратынша 12-қараша күні Трамп кеңесшілеріне арнайы сауал жолдаған. Сауалда Трамп Иранның «ядролық нысандарын» бірнеше апта ішінде атқылау мүмкіндігі жайлы сұрастырған. Сауал кеңесшілермен қатар вице-президент Майк Пенс, қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер және генералдар штабының басшысы Марк Миллиге жолданған. Барлық кеңесшілері Трампты бұл жоспардан бас тартуға көндірген. Бұл бойынша ресми Ақ үй арнайы жауап беруден бас тартты. МАГАТЭ сарапшылары Иранның соңғы уақытта уранды өндіруді еселеп арттырғанын айтуда, ал АҚШ Иранмен жасалған келісімнен біржақты негізде 2018 жылы шығып кетті.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...