Daily Mail: Тәжікстандағы Сарез көлінің тасуы Орталық Азияға апат әкелмек

Daily Mail: Тәжікстандағы Сарез көлінің тасуы Орталық Азияға апат әкелмек

ашық дереккөзі

 width= Daily Mail басылымы «Сарез көлі нағыз табиғи бомба және ол арнасынан асса адамзат тарихындағы ең ірі апат болады» деп жазды.

«Тәжікстандағы Сарез көлі үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл тек қана табиғи ғажайып емес, сонымен қатар нағыз табиғи бомба. Көлдің арнасынан асуы БҰҰ-ның болжамынша адамзат тарихындағы ең ірі апаттың біріне әкеледі. Көл арнасынан асса, онда миллиондаған тас пен қоқыс Бартанг, Пяндж және Әмудария өзендері арқылы ағып, тіпті Арал теңізіне дейін жетуі мүмкін. Миллиондаған су көздері зардап шегіп, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Ауғанстан, Тәжікстан сұмдық апатты жағдайға тап болмақ», - делінген мақалада.
Сарез көлінің тасуы аса қуатты жер сілкінісін туындатуы мүмкін деген де болжамдар айтылуда.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...