
Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан 2020 жылғы 12 қараша күні Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджмеддин Билал Эрдоганның төрағалығымен өткен отырыста (онлайн форматта) Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы жанынан құрылған Орталық Азия комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Комитет құрамына дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарды дамыту, насихаттау және одан ары ілгерілетуді көздеген Азия құрлығының 10 мемлекеті еніп отыр.