Британиялық SPORTbible басылымы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Айбол Әбікеннің Ұлттар лигасындағы Албаниямен матчте алаң ортасынан салынған голына тамсанды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. "Тоқта, не істеп жатырсың? Алаң ортасынан салынған гол. Қазақстандық Айбол Әбікен голкиперді абдыртып, жыл голының бірін салды. Адам сенгісіз", - делінген басылым твиттерінде.
https://www.youtube.com/watch?v=vxudIGOGfBU
Айта кетейік, Айбол салған гол Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқармады, есеп 1:3 Албания пайдасына.