Маңғыстаулық оқушылар тегін ағылшын тілі курсына қатысты
Маңғыстаулық оқушылар тегін ағылшын тілі курсына қатысты
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Ел жастарының білім-білігін арттыруға бағытталған жобаның бір бағыты оқушыларға ағылшын тілін оқытуға арналған. Аталмыш жоба аясында шілденің 7-сі мен тамыз айының 31-і аралығында Маңғыстау облысының ауылды елдімекендерінің оқушыларына арналған ағылшын тілі курсы ұйымдастырылды. Курсқа 419 оқушыдан өтінім түсіп, 250 оқушы іріктеліп алынды. Оның ішінде көпбалалы отбасылардан 217, асыраушысынан айрылған 14, мүмкіндігі шектеулі 3 және аз қамтылған отбасылардан 16 оқушы қатысты.
https://www.youtube.com/watch?v=gLwoY_V7Q1A&t=59s
Оқушылардың тілдік деңгейі анықталып, нәтижесінде 13 – Elementary тобы, 2 – Pre-Intermediate тобы жасақталды. Курс барысында оқушыларға арналған видеосабақтар түсіріліп, YouTube желісіне жүктелді. Оқушылардың білім алуына өңірлік 15 волонтер-оқытушы жұмылдырылып, олар оқушыларға Zoom, Skype қосымшалары арқылы онлайн волонтерлік қызмет көрсетті.
https://www.youtube.com/watch?v=KsLsnEdQPiA&t=1743s
Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3 онлайн кездесу ұйымдастырылды. @Onlineenglish.kz онлайн мектебінің негізін қалаушы Айбек Шегебаев пен Манчестер университетінің магистрі Мақсат Дүйсембаев, «NURORDA» лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ислам Камашев, Қазақ-Британ Техникалық Университетінің түлегі, Google компаниясының бағдарламашы-инженері Қуаныш Омаров оқушылармен кездесуде ағылшын тілін үйренуге қатысты пайдалы кеңестерімен және жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
https://www.youtube.com/watch?v=k8G8A7g_jss&feature=youtu.be
Курсқа қатысқан оқушыларға сертификат табысталды.