Маңғыстаулық оқушылар тегін ағылшын тілі курсына қатысты

Маңғыстаулық оқушылар тегін ағылшын тілі курсына қатысты

ашық дереккөзі

 width= ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Ел жастарының білім-білігін арттыруға бағытталған жобаның бір бағыты оқушыларға ағылшын тілін оқытуға арналған. Аталмыш жоба аясында шілденің 7-сі мен тамыз айының 31-і аралығында Маңғыстау облысының ауылды елдімекендерінің оқушыларына арналған ағылшын тілі курсы ұйымдастырылды. Курсқа 419 оқушыдан өтінім түсіп, 250 оқушы іріктеліп алынды. Оның ішінде көпбалалы отбасылардан 217, асыраушысынан айрылған 14, мүмкіндігі шектеулі 3 және аз қамтылған отбасылардан 16 оқушы қатысты. https://www.youtube.com/watch?v=gLwoY_V7Q1A&t=59s Оқушылардың тілдік деңгейі анықталып, нәтижесінде 13 – Elementary тобы, 2 – Pre-Intermediate тобы жасақталды. Курс барысында оқушыларға арналған видеосабақтар түсіріліп, YouTube желісіне жүктелді. Оқушылардың білім алуына өңірлік 15 волонтер-оқытушы жұмылдырылып, олар оқушыларға Zoom, Skype қосымшалары арқылы  онлайн волонтерлік қызмет көрсетті. https://www.youtube.com/watch?v=KsLsnEdQPiA&t=1743s Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3 онлайн кездесу ұйымдастырылды. @Onlineenglish.kz  онлайн мектебінің негізін қалаушы Айбек Шегебаев пен Манчестер университетінің магистрі Мақсат Дүйсембаев, «NURORDA» лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ислам Камашев, Қазақ-Британ Техникалық Университетінің түлегі, Google компаниясының бағдарламашы-инженері Қуаныш Омаров оқушылармен кездесуде ағылшын тілін үйренуге қатысты пайдалы кеңестерімен және жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. https://www.youtube.com/watch?v=k8G8A7g_jss&feature=youtu.be Курсқа қатысқан оқушыларға сертификат табысталды.

Жүктелуде...