Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ақынның авторлық кешін ұйымдастыру 28 млн теңге тұра ма?

Ақынның авторлық кешін ұйымдастыру 28 млн теңге тұра ма?

Ақынның авторлық кешін ұйымдастыру 28 млн теңге тұра ма?
ашық дереккөзі
 width= Ақынның авторлық кешін ұйымдастыру 28 млн теңге тұрады. Дәл осы жазбаны Zertteu Research institute өзінің facebook әлеуметтік желісінде жариялады. Дереккөз ретінде goszakup.gov.kz порталын берген. 
Нұр-Сұлтанда ақын Мақпал Мысаның (Тажмағамбетова) авторлық кешін ұйымдастыруға 28 млн теңге жұмсалған.
Тапсырыс беруші - Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы. Келісім-шарт "ARDA production" ЖШС жасалған.
Техникалық ерекшелігінде қызмет мерзімі ақпан-наурыз деп көрсетілген. Ал келісім-шарт 2020 жылдың 3 сәуірінде жасалған.
Техникалық ерекшелігіне сай, өнім берушіге қойылатын талаптар өте көп:
дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оның орындалуын қадағалау;
шараны сапалы, әрі өзіндік ерекше стильде өткізу;
көрермендерге арналған, сиымдылығы кем дегенде 500 орын болатын концерт
залымен қамтамасыз ету;
жарнамалық роликтер жасау және оларды әлеуметтік желілер арқылы аңдату;
Led-экраннан көрсетілетін видеоконтент әзірлеу;
режиссерлік-қоюшы топты (сценрист, режиссер, дыбыс режиссері), әкімшілерді, визажистерді, декораторларды тарту және оларға ақы төленуін қамтамасыз ету;
шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларды жолақымен (ұшу) , Нұр-Сұлтан қаласының ішіндегі көлік қызметімен қамтамасыз ету;
КТС-ға түсіруді қамтамасыз ету;
Шараның республикалық телеарналардың бірінен көрсетілуін қамтамасыз ету және т.б.
 width=
Сонымен бірге, техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар да жоғары.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату