Жаңалықтар

Сұлулық салондары қашан жұмысқа кірісетіні белгілі болды

Сұлулық салондары қашан жұмысқа кірісетіні белгілі болды

Нұр-Cұлтан мен Алматының сұлулық салондары кем дегенде әлі екі апта жабық болады. Мұндай болжамды денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазір біз негізгі карантиндік шаралар мен қатаң карантин қабылданған екі үлкен қала туралы айтып отырмыз", - деп түсіндірді Елжан Біртанов. Сөзінше, бұл қалаларда коронавирустың таралуы қатаң карантинге қарамастан әлі де жоғары. "Белгілі бір тәуекелдер бар, өйткені таралу деңгейі жоғары болғандықтан, клиент пен қызметкер арасында өте жақын байланыс болжанып отырғандықтан, қалыс қалу (барудан) қажет. Бұл инфекцияның таралуына себеп болуы мүмкін", - деді Біртанов.