Түркі Академиясының мәртебесі туралы келісімге қол қойылды

Түркі Академиясының мәртебесі туралы келісімге қол қойылды

ашық дереккөзі

 width= Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Түркі Академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Аталған келісім Академияның мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитетін, сондай-ақ мүлкіне қатысты мәселелерді айқындайды. Түркі Академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылғы 25 мамырда құрылды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Түркі Академиясының мүшелері - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Жүктелуде...