Үлкен соғыс нышаны: Қытай Тайваньды басып алу жаттығуын өткізді

19 Сәуір, 2019 987 0

NewsROOM+. ҚХАЕӘ (НОАК) 15  сәуір күні Тайвань аралының маңында үлкен теңіз әскери жаттығуын өткізді. Жаттығуға әуе, теңіз және құрлық әскерлері қатысты. 

Жаттығудың сценарийін Қытай қорғаныс министрі өз сайтында жария етті. Ол бойынша орын алуға тиіс шабуыл былай: 

Қытай ұшақтары Тайвань аралының әуе кеңістігіне еніп, бақылау жүргізеді. Ал қалған ұшақтар қарсыластың әуе қарғаныс жүйесін анықтайды және көзін жояды. Жойғыш ұшақтың көмегімен бомбалаушы ұшақтар қарсыласқа әуеден соққы жасайды. Ал теңіз күштері осы сәтте эсминец, фрегаттардан қарсыласты оқ астына алып, соққы үстіне соққы жасайды. 

Осы сәтте тікұшақтар арнайы жасақты қарсыластың жағажайына жеткізеді. Олар негізгі соққыны жасауға кірісіп кетеді. 

Аталмыш жаттығуға қатысты Тайвань президенті Цай Инь-Вэнь 16 сәуірде пікір білдірді. Ол «мұндай әрекет арқылы бізді қорқыту мүмкін емес» деп мәлімдеді. Ал АҚШ Қытайдың бұл жаттығуын қатаң айыптады. Бұған қарамастан Қытай тарапы Тайваньды басып алуға қатысты әскери жаттығу сценарийлерін жетілдіруді тоқтатар емес.

Дереккөз: Arhar



Тегтер: қытай, тайван, соғыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.