Қазақ жігіті Гавай аралдарындағы өмір үшін жақсы жұмысын тастап кеткен

04 Маусым, 2018 1248 0

Қазақстан азаматы Елдос елдегі жақсы жұмысын тастап, Гавай аралдарына көшіп кетті. Ол АҚШ-тың 44 президенті Барак Обама дүниеге келген Гонолулуде білім алып, өмір сүріп жатыр де хабарлайды NUR.KZ.

27 жастағы Елдос Алматыдағы экономикалық жоғары оқу орнында білім алып, қонақ үй кешенінің администраторы болып жұмыс істейді. Алайда өмірі қызықсыз көрінген азамат Гавай аралдарына көшіп кетуді ұйғарған.

"Қазақстанда жалақым да, коллективім де жақсы еді. Алайда жан-дүнием өзгерісті, өмірден өз орнымды іздегенді қалады. Сол үшін бәрін тастап, мұхит асуды ұйғардым", - дейді ол.

Жас жігіт АҚШ-қа кеткенде айтарлықтай қаражаты болмағанын және ағылшын тілін жетік білмегенін айтуда.

10 түрлі штатта өмір сүріп, ағылшынша үйреніп алған Елдос Гавай аралдарына оқуға түседі.

"Қонақ үй бизнесі" мамандығы бойынша білім алып жатқан азамат бір жыл ішінде Гавай аралдарына ғашық болып қалғанын жасырмайды.

Алайда ол Гавай аралдарында тоқтап қалмай, болашақта жер жүзін аралап шықпақ.

Журналист Алтын Нығманның материалынан аударылды.

 

Тегтер: гавай, арал, барак, обама, гонолулу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.