Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнім анықталды

Организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнім анықталды

Организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнім анықталды
ашық дереккөзі
 width= Неміс ғалымдары өсімдіктерге зерттеу жүргізіп, адам ағзасындағы коронавирустың белсенділігін әлсірететін өнімді анықтады. Ульм университеті медицина орталығы молекулярлы вирусология институты мамандарының зерттеу нәтижесі bioRxiv журналында жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Ғалымдар бөлме температурасында табиғи өнімдерді вирустармен араластырып, біраз уақыттан соң, COVID-19-дың өзін қалай ұстайтынын зерделеген. Осылайша қара жемісті шетеннің шырыны небәрі 5 минуттың ішінде организмдегі коронавирусты 97%-ке дейін жоятыны анықталды. Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шықты. Анар шырынымен тамақты шая отырып, COVID-19 патогендерінің 80%-не дейін өлтіруге болады. Ғалымдар коронавирус инфекциясын басқа да табиғи шырындар, сондай-ақ, көк шәй әжептәуір әлсірететінін мәлімдеді. Сарапшылардың пайымынша, мұндай әсер қауіпті вирусты жоюға қабілетті қышқыл ортамен және өсімдік полифенолдарымен байланысты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату