Сұмдық жағдай: 9 сынып оқушысы өз туған әкесінен жүкті боп, қыз босанды

Сұмдық жағдай: 9 сынып оқушысы өз туған әкесінен жүкті боп, қыз босанды

ашық дереккөзі

 width= Әкесі өз немересінің әкесі атанды. Шымкентте 9-сыныпта оқитын өрімдей қыз өзінің әкесінен бала тапты. Оқиға мамыр айында болғанымен шу дәл қазір шығып жатыр. Жаға ұстатарлық жайды білім бөліміндегілер хабарлады. Қазір полиция мән-жайларды тексеріп жатыр. Қыздың зорланған зорланбағанын анықтайды. Ал әкесі болса осы оқиға жария болысымен өзіне қол жұмсап қайтыс болыпты. Оның жоқтығы тергеуге тұсау. Нәресте қазір қыздың анасының, яғни әжесінің қамқорлығында. Әрине ақпараттық көзқараспен қарасақ қып-қызыл сенсация,  маман көзімен қарасақ қып-қызыл инцест. Адамның көзімен қарасақ қып-қызыл трагедия.  Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Әкесі...әй, әке деуге ауыз да бармайды екен.  Біз емес, білім басқармасы сөйлесінші. ҰЛЖАЛҒАС САУРАБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

«9 сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында сәбиін дүниеге әкелді. Бұл зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па, біз айта алмаймыз. Мұны полицейлер анықтап жатыр.Сәби қазір оқушының анасында»
Ал немересінің әкесі атанған  еркек азғындығы жалпақ жұртқа жария болған соң, өз-өзіне қол жұмсапты.  Ел-жұрттың қарғысына шыдамаған деседі. ДИНА ТАҢСӘРІ, «НЕ МОЛЧИ»  ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Жұрттың барлығы тек баланы ғана кінәлап жатқанына ашулымын.  Әкесінің қойнына өзі барып жатқан шығар, қысқа белдемше киген болар деген сарындағы пікір көп.  Бұл не деген сұмдық?»
Әрине, осы сарындағы сөздер қыздың жанына батып жатқан шығар. Онсыз да оңай емес еді  ғой. АЙША ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Бұрын басқа біреу зорлап кетті деп естуші едік. Енді мынау сұмдық құбылысқа айналды. Өте өзекті өртейтін жағдай. Жалпы бұл- азғындық. Бұның басқа атауы жоқ.»
Бұл оқиға жөнінде нақты  дерек аз. Кім, қалай, қашан- белгісіз. Болжам күйінде ғана. Көптің көкейінде көлденең бір сұрақ. Анасы қайда қарады? ҒАЛИЯШ МАХАШЕВА, ПСИХОЛОГ:
«Әйелі қасындағы күйеуінің қызына зорлық жасап жүргенін білмеуі мүмкін. Байқамауы мүмкін. Өйткені педафилдің келбеті жоқ. картинасы жоқ, ол генетикалық жағынан болмайды»
Мейлі, шешесі білмеді делік. Ал қыз неге айтпады? ҒАЛИЯШ МАХАШЕВА, ПСИХОЛОГ:
«Айтпағаны- анасына сенбегені. Бұл анасының мойнындағы үлкен жүк. Өзінің қызына жақсын бола алмағаны. Міне, қызы мен анасының арасындағы алшақтық осындайда білінеді»
Осы алшақтық бүтін бір отбасының тағдырын талқан етті. Әке кетті, шешеге де оңай емес, қызға да қиын. ҒАЛИЯШ МАХАШЕВА, ПСИХОЛОГ:
«Ең қорқыныштысы, ол тұрмысқа шығуға қорқады.  Тұрмысқа шығып бала тууға қорқады. Бала туса, өзінің күйеуінен күдіктеніп жүреді.»
Ал баланың болашағы тіпті қорқынышты.  Тумай жатып тағдыры бүлінген балапанның денсаулығы да алаңдатады. МАҚПАЛ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, ГЕНЕТИК-ДӘРІГЕР:
«Іштен туа біткен жүрек қан ауруларына, жүрекшер арасындағы деффектілерге алып келеді, қарыншалар арасындағы және өкпе ауруларына, мукавецидоз деген ауру бар. Альбинизм, ақыл естің кемістігіне.»
Ілуде біреу ғана,  дәлірек осындай жағдайға ұшыраған балалардың 5 пайызы ғана, сәтін салып, дені сау болуы мүмкін. Бірақ, салқыны келесі ұрпағына міндетті түрде тиеді. Дәрігер солай дейді. Ал азғындар қайдан шығып жатыр жалпы? АЙША ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«90-шы жылдардың басында бір  хаус пайда болды. ер азаматтар жұмыссыз қалып, бар жүк әйел адамдарға түсті.  Барлық мұғалімдер бір сәт базарға шығып кетті. Сол кезде тәрбиенің бір кемістігі, олқылығы орны алды да. жалпы былай қарағанда осындай қылмысқа баратын көбісі сол 35-39-40 шамасында да»
Карантиннің салдары ма кім білсін, дәл биыл,  балаларға қатысты зорлық-зомбылық тіпті көп. Соңғы он айда 11 жасқа дейінгі 212  бала зәбір көріпті. Сорақысы, жақындарынан, ал одан да сорақысы  сол 212 істің тең жартысы жабулы қазан күйінде қалған. АЙША ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Абай жолы шығармасында Қамқа мен Қодардың, күйеуі қайтыс болған келіншек пен өзінің қайын атасы арасындағы қарым-қатынас. Зинақорлық, ол тіпті дәлелденбеген де, бірақ инцест дейді ғой. Қазақ қоғамы сол кездің өзінде  қарсылығын білдіріп, жазасын белгіледі»
Ал қызын жүкті еткен әке әрине бұл дүниедегі жазадан құтылды.  Жаратқан алдында жауап берер. Ал оқушымен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Айтпақшы,  дүниеге қыз бала келді.

Жүктелуде...