Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

ІІ тоқсанда мектепте білім алудың ережелері өзгерді

ІІ тоқсанда мектепте білім алудың ережелері өзгерді

ІІ тоқсанда мектепте білім алудың ережелері өзгерді
ашық дереккөзі
 width= Бүгіннен бастап Алматының мектептерінде 5-сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды. Алайда өтініш білдірген оқушылардың бәрі бірдей мектепке бара алмайды. Кезекші сыныпқа барудың өз талабы бар, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Хабар-24" арнасына сілтеме жасап. Гүлжан Көленқызы, тілші:
- Қазір біз Жетісу ауданындағы №112 жалпыға білім беретін мектепте тұрмыз. Бұл - 5 сыныптармен бірге бастауыштың кезекші сыныптары дәстүрлі форматта білім алып жатқан жалғыз мектеп. Бүгіндері мұнда 5-сыныптың 45 баласын қамтитын 4 кезекші сынып ашылған. Мұнда балалар мектептке кіре берісте арнайы дизенфекциялаушы құрылғыдан өтіп, дене қызуын өлшетеді. Айта кетсек, жалпы қала бойынша 5-сыныпта сабақ оқуға ата-аналардан 600-ден аса өтініш келіп түскен. Бірақ барлық бала кезекші сыныптарға бара алмайды. Оның өз талабы бар.
Салтанат Құсайынова, Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы:
- Жалпы, кезекші сыныптарға балаларды қабылдау алдында жалпы ата-аналар өтініш білдіреді. Созылмалы ауруы бар балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Кезекші сыныптарда білім алу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жүзеге асырылады. Алматы қаласы бойынша қыркүйек айынан бастап Көлсай және Сұлусай шағын аудандарында орналасқан №194 және №197 мектептерде сабақ штаттық жағдайда басталды. Енді ІІ-тоқсаннан бастап қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша төрт мектепте сабақ қалыпты жағдайда басталады. Бала саны 300-ге толмаған мектептерге рұқсат етілді.
Жалпы, қала бойынша мектептерде 1597 кезекші сыныптар ашылған, оларда 20 мыңнан астам бала білім алып жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату