Бағдарламаның арқасында араға 55 жыл салып қызы анасымен қауышты
Бағдарламаның арқасында араға 55 жыл салып қызы анасымен қауышты

"Перзентхананың мұрағаты өртеніп кетті. Бізде нақты деректер қалмады. Тек аты-жөні жазылған және тұрып жатқан мекенжайы көрсетілген. Бірақ ол мекенжайда үй болмады", - дейді ол.Бағдарлама ұжымы Бақытгүлдің анасын табылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізген. Шығыс Қазақстан облысынан Таразға оқуға түсемін деп келген Бақытгүлдің анасы сол жылдары белгісіз біреу зорлап кеткенін айтқан.
"Осынша уақыт өтсе де, шынымды айтсам, есіме де алғым келмейді", - дейді анасы.Осылайша амалсыздан сәбиін тастап кетуге мәжбүр болған.
"Бірақ іштей қиналып, тілеуін тілеп жүрдім. Бірақ бала бақытты болса екен, жақсы жерден тәрбие алса екен деп ойладым. Қиянат жасаймын деп өзім де ойлаған жоқпын", - дейді Бақытгүл Айменбетованың анасы.