6 жастағы бүлдіршіннің итке таланған мәйіті табылды
6 жастағы бүлдіршіннің итке таланған мәйіті табылды

"Оқиға орнына барған дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.Содан кейін ол жерге жедел-тергеу тобы келген. Анықталғандай, қыз ата-анасымен бірге саяжай аумағындағы үйлердің бірінде тұрған. Сол күні бала ересектердің қарауынсыз жүріп, ауладағы иттердің ортасында қалған. Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі кезде сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ветеринарлық қызметке иттерді аулау туралы бұйрық берілді.