Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

6 жастағы бүлдіршіннің итке таланған мәйіті табылды

6 жастағы бүлдіршіннің итке таланған мәйіті табылды

6 жастағы бүлдіршіннің итке таланған мәйіті табылды
ашық дереккөзі
 width= Сәтпаев қаласында саяжай аумағында итке таланған бүлдіршіннің мәйіті табылды. Қалалық полицияның кезекші бөліміне бұл туралы 15 қараша кешкі сағат 17.00-де "жедел жәрдем" қызметкерлері хабарлаған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Оқиға орнына барған дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Содан кейін ол жерге жедел-тергеу тобы келген. Анықталғандай, қыз ата-анасымен бірге саяжай аумағындағы үйлердің бірінде тұрған. Сол күні бала ересектердің қарауынсыз жүріп, ауладағы иттердің ортасында қалған. Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі кезде сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ветеринарлық қызметке иттерді аулау туралы бұйрық берілді.    

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату