weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 қараша, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы Қазақстан үкіметі мен Беларусь үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұған дейін пленарлық отырыста сенат депутаттары келісімді мақұлдаған болатын.
Аталмыш отырыста еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев келісімге 2019 жылдың 25 қазанында қол қойылғанын хабарлады. Беларусь бұл келісімді осы жылдың мамыр айында ратификациялады.
Мұндай келісімдерді қабылдау шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімін анықтайды. Сонымен қатар екі азаматтық алуға тосқауыл қояды. Азаматтарды елге қайтару мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Ақмарал БЕРЕКЕТ