Халықаралық Жер күні. Қоршаған ортаны қорғау ісіне бүкіл адамзатты біріктіру мақсатында өткізілетін халықаралық шара ретінде 1990 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1970 жылдан бастап АҚШ-та дәстүрлі түрде өтеді. Жер күнін бекіту туралы бастаманы америкалық саясаттанушы және қоғам белсендісі Гейлорд Нельсон көтерген. 1969 жылы Санта Барбарадағы каналда мұнайдың төгілуінің куәсі болған және студенттік антиәскерлік қозғалыстан рухтанған ол, «Жер күні» білім беру ұйымын құруды шешкен.
Саябақтар шеруі (Ұлттық парктер мен қорықтар күні) Табиғатты қорғау бойынша ауқымды халықаралық акция. Ұлттық парктер мен қорықтарды және табиғи ескерткіштерді қорғауға шақыратын және жыл сайын өткізіліп тұратын шара.
22 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар
1838 жылы алғашқы бу кеме Атлант мұхитын кесіп өтті. Аылшынның "Сириус" жолаушылар тасымалдайтын доңғалақты бу кемесі Нью-Йоркке келіп тоқтады;
1943 жылы Альберт Хофманн диэтлиманид лизергинді қышқылының галлюцинация тудыратыны туралы алғаш рет жариялады;
1969 жылы Хьюстонда алғаш рет адамға көз салу отасы жасалды;
2010 жылы Мексика шығанағында теңіздің АҚШ жағалауында өртке байланысты мұнай платформасының көзі жойылды.
22 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1971 жылы Қазақстанның астанасы Алматыға бірінші рет Ту-154 әуе лайнері келіп қонды;
1997 жылы ҚР ҚК Әскери полициясы құрылды;
1994 жылы Украинаның Қазақстандағы елшілігі ашылды;
1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында ҚР президентінің жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды;
2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мемлекеттері темір жолдарының бірыңғай жүйесін құру келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды;
2012 жылы Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жұмыс тобының 11-отырысы өтті;
2013 жылы атыраулық оқушы ғарыш зымыранына арналған жанармайдың жаңа түрін патенттеді.