Ақтауда үйінің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды

19 Сәуір, 2019 592 0

NewsROOM+. Ақтауда полиция қызметкерлері терезесінен көшеге оқ атқан ер адамды тауып, үйінен қару-жарақтарды тәркіледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау тұрғынының балконда тұрып көшеге оқ атқан әрекетін жанындағы өзге адам видеоға түсірген. Кейін ол ақтаулықтың Инстаграмдаға жеке парақшасында жүктеліп, оған: «Көңіл-күйің нашар болғанда, ішіңдегіні осылай шығару керек», - деген жазба қалдырылған. 

Облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 16 сәуір күні сағат 21:45-те 32Б шағынауданында болған. 

«Үйін тінту кезінде патрондары бос Калашников автоматы, жарық және дыбыстық сүйемелдеуі бар Макаров тапаншасы, пневматикалық винтовка табылып, тəркіленді. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деді департаменттен


Тегтер: ақтау, полиция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.