Маңғыстауда былтыр заңсыз аң аулаудың өрескел үш фактісі анықталды

19 Сәуір, 2019 502 0

NewsROOM+. 2018 жылы Инспекцияда жануарлар және өсімдіктерді қорғау бойынша 319 рейд жүргізіліп, 127 құқықбұзушылық анықталған, оның 110-і әкімшілік, 17-і қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады, әкімшілік істер бойынша салынған 899 мың 458 теңге айыппұл толық өндірілген.

239,3 кг балық, оның ішінде бекіре тұқымдас- 204,5 кг, кутум-2,5 кг, шоқыр -4 кг, ақбалық-5 кг, 23,3 кг қара балық тәркіленген.

«2018 жылы Маңғыстау облысы аумағында заңсыз аң аулаудың 3 өрескел фактісі анықталды. 2018 жылдың маусым айында Ақтау-Шетпе тас жолы бойынан 3 қарақұйрық және 2 қоян аңдарын заңсыз аулаған Ақтау қаласының екі тұрғыны Маңғыстау аудандық сотының 05.03.2019 жылғы Үкімімен кінәлі деп танылды. Шығын көлемі-13 023 025 теңге. Заңсыз аң аулағандарға келтірілген 13 023 025 теңге шығынды өндіру, 2 400000 тенге айыппұлды өндіру және «Ниссан Патрол» автокөлігін мемлекет есебіне алу туралы соттың үкімі шықты.

2018 жылдың қараша айында Бейнеу селосынан 130 шақырымда орналасқан Қарасай жерінен 1 бас киік аңын заңсыз тасымалдаған, келген шығын көлемі 3 млн 607 мың теңге, Бейнеу аудандық ПБ тергеу жүргізуде.

18.10.2018 жылы Ақтау халықаралық әуежайында Иран елінің азаматы тарапынан 2 бас ителгі құсын заңсын алып кету фактісі тіркелді. Шығын жоқ, құстар ұшырылып жіберілді. Ақтау қалалық сотының 25.10.2018 жылғы №1-566/7-18 үкімімен ҚК 339 бабымен 3 607 500 теңге айыппұл салынып, өндірілді.

Заңсыз аң аулауға салынатын айыппұл көлемі:

1 бас архар салынатын айыппұл көлемі 1500 АЕК;

1 бас қарақұйрыққа салынатын айыппұл көлемі – 400 АЕК;

1 бас дуадақ құсы 700 АЕК;

1 бас киік аталығы – 500 АЕК;

1 бас киік аналығы 350 АЕК.

Бұл айыппұл көлемі егерде заңсыз аң аулау ерекше қорғалатын табиғи аумақта орын алса, тиісті методикаға сәйкес, бірнеше есе өседі.

Мемлекеттік қызмет көрсету.

2018 жылы «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» бойынша 196 мемлекеттік қызметтер, «Балықтың қайдан ауланғаны туралы» анықтама беру бойынша 11 мемлекеттік қызмет, «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» бойынша 10- мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Инспекция ғимаратында қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша, ақпаратпен танысуы үшін ақпараттық стендпен жабдықталған.

2018 жыл бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік орман қоры. Жыл сайын орман мекемелеріне орман өсіру, орманды қорғау және орман қорын пайдалану бағытында Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Орман қоры негізін қара сексеуілдер құрайды. Жыл сайын Бейнеу, Сам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орман мекемелері 300 гектар жерге қара сексеуіл тұқымын себу арқылы өсіріп келеді.

Орманда өрт қауіпті маусымдарда бақылау-қадағалаудың нәтижесінде 2018 жылы облыстағы орман қорында өрт болған жоқ және заңсыз ағаш кесулер тіркелмеді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2015 жылғы 13 тамыздағы №211 бұйрығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынған.

 Дереккөз: Тумба.кз

Тегтер: маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.