"Тастаған жоқпын": Асхат Садырбай Еркемен ара-қатынасы туралы ашып айтты

19 Сәуір, 2019 832 0

NewsROOM+. Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай бірінші некесінен туған ұлымен жиі кездесіп тұратынын ашып айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сұхбат барысында Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы, танымал әнші Ерке Есмаханмен байланысы жақсы екенін де мәлім етті.

Оқырмандар "әйеліңіз бен балаңызды тастап кеттіңіз" деп жазады. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалайын.

Мен әйелімді де, баламды да тастаған жоқпын. Екеуміз сөйлесе келе, бөлек кетуді ұйғардық.

Бұл шешімді бірге қабылдадық. Көрермен де, оқырман да соны дұрыс түсінсе деймін! Бұл саналы түрде қабылданған шешім.

Ортамызда бала бар. Ұлыммен сөйлесіп, уақыт бөлемін. Ол мектепте оқиды. Алла берген қара домалақ ұлыма уақытымды неге бөлмейін? Адамның ең басты байлығы - баласы ғой", - деді журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Асхат Садырбай мен Ерке Есмаханның ортақ Мүсілім атты ұлы бар.

Қазіргі таңда журналист екінші рет Айғаным есімді аруға үйленген.

Тегтер: АсхатСадырбай, әнші, отбасы, еркеесмахан, неке

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.