Табысты адамдар жексенбі күні немен айналысады?

Табысты адамдар жексенбі күні немен айналысады?

ашық дереккөзі

 width= Мақсат қою Жексенбі күні уақытын тиімді өткізетін адамдар келесі аптаға мақсат қояды. Бұл процесс аз ғана уақытты алса да, нәтижелі болмақ. Адамдардың көбі жоспар құруды әдетіне айналдырған. Алайда олар ұзақмерзімді мақсат қояды. Өкінішке орай, көбісі оны орындамайды да. Себебі олар тұрақты түрде әрекет ету арқылы мақсатқа жету жолын ұстанбайды. Мақсатқа жету үшін үлкен мақсатты қысқармерзімді бөлімдерге бөлу керек (айлық, апталық секілді). Сол себептен аптаның әр жексенбісінде келер аптаға кем дегенде 3 кішігірім мақсат қою керек. Нәтижесінде сіздің үлкен жоспарыңыздың бір бөлігі орындалады. Келер аптаға жоспар құру Міндетті түрде бір апта көлемінде қай күні немен айналысып, қандай уақытта не істейтініңізді білуіңіз керек. Оларды ұмытып кетпеу үшін көзіңізге көрінетін жерге қойғаныңыз дұрыс. Сонда сіз мақсаттарыңызға жету жолында еңбектенесіз. Адам күнін жоспарламаса, қажетсіз нәрселерге көп уақытын арнап, жүйесіз әрекет етеді. Таңертең маңызды жұмыстарды жасап, күні бойы еркін жүргеніңіз абзал. Өткен аптаға анализ жасау Анализ жасағанның арқасында құнды қорытындылар шығаруыңыз мүмкін. Соның арқасында сіз күн, апта, тіпті, ай бойы қажырлы жұмыс істеуді азайтуыңыз да ықтимал. Анализ жасағанда қандай сұрақтар қоюға болады: Осы аптаға арналған мақсаттарыма жеттім бе? Егер жоқ болса, не үшін? Егер иә болса, қай ісім сәтті болды? Қандай адам (жұмыс, оқиға, зат) менің осындай нәтижеге жетуіме септігін тигізді? Қандай адам (жұмыс, оқиға, зат) жұмыс істеуіме кедергі келтіріп, уақытымды алды? Аптам тиімді өтуі үшін нені дұрыс жасауым керек еді? Қандай әдеттер менің бақытты, энергияға толы, жинақы болуыма әсер етті? Осы аптада өмірлік сабақ болатын қандай оқиға болды? Осы сұрақтарды өзіңізге қою арқылы, сіз демалыс күніңізді тиімді өткізесіз. Күнделік жазу Бұл да табысты адамдардың әдетіне айналған. Егер сіз бір нәрсеге алаңдап жүрсеңіз, соны қағазға түсіріңіз, сонда сіз өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Нәтижесінде миыңыздағы қажетсіз ақпараттар қазға түсіп, ойыңызға жаңа идеялар келе бастайды. Апта бойы ойыңызға келген жаңа идеяларды жазып жүріңіз. Содан соң оны жүзеге асыру жолын іздеңіз. Жай ғана қолыңызға қалам алыңыз да, ойыңызға келген нәрсенің барлығын жазыңыз. Тоқтамай 15 минут жазып көріңіз. Нәтижесін өзіңіз де көресіз.

Ақмарал БЕРЕКЕТ

Жүктелуде...