Жетісайда қорлық көрген қыздардың әкесі теріс діни ағым өкілі екенін құзырлылар растады

18 Сәуір, 2019 986 0

NewsROOM+. Түркістан облысы Жетісай ауданының құзырлы органдарында әлеуметтік желілерде кеңінен толқу тудырған, өгей анасының балаларына ауыр дене жарақатын салған оқиғасы айқындалды. Қазіргі кезде, күдікті әйел ҚР ҚК-нің екі бабымен жауапқа тартылуда, яғни 110- бабы «Қинау» және 140-бабы «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау». Қыздардың әкесі деструктивті діни ағымының ұстанушысы. Бұл қылмыстық іс ҚР ІІМ-нің және облыс прокурорының бақылауына алынған. Бұл туралы Otyrar-ға сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, Жетісайда өгей шешесінен қорлық көрген 3 апалы-сіңлілі қыздар туралы ақпарат тарап кеткен болатын.Жұртты дүрліктірген мәселенің мән-жайын анықтау үшін Түркістан облысында арнайы комиссия құрылған. Бұл іс қазір еліміздің Ішкі істер министрі мен облыс прокурорының жіті назарында.

Тегтер: жетісай, қорлық, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.