Сендерге қидым, ғұмырымның қалғанын: Заманбек Нұрқаділовтың жазған соңғы хаты

Сендерге қидым, ғұмырымның қалғанын: Заманбек Нұрқаділовтың жазған соңғы хаты

ашық дереккөзі

 width= Халық әншісі Мақпал Жүнісова осыдан он бес жыл бұрын жазылған марқұм жұбайының әсерлі хатын жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.  width= "Сендерге қидым, қайшымен Ғұмырымның қалғанын",- деп жыр жазған Заманбек Нұрқаділов бұл хатын тамыз айында мәңгілік мекеніне аттанбас бұрын жазған. Заманбек Нұрқаділов - белгілі саясаткер 1944 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, ҚР Төтенше жағдайлар қызметінің 3-і төрағасы қызметін атқарған. Алайда 2004 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен төрағалық мансабынан «қызмет міндетін дұрыс атқармаған» деген айыппен босатылады. Заманбек Нұрқаділовты саяси оппозиционер ретінде танимыз. Төрағалық қызметтен босатылғаннан кейін, корупцияға қарсы "Әділетті Қазақстан үшін" комитетін құруды қолға алған болатын.  width= 2005 жылы 12 қарашада саясаткер жұмбақ жағдайды үйінде қайтыс болды. Денесінен үш оқтың ізі табылған.  Тергеу жұмыстарының қорытындысы  «Нұрқаділов өз-өзін екі рет кеудесінен және бір рет басынан тапаншадан атып қаза болған» деп жабулы күйінде қалды. Алайда көпшілік саясаткерді "билікті сынағаны үшін мерт болды" деп әлі күнге дейін айтады. Халыққа еңбегі сіңген саясаткерді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне мыңдаған адам жиналған.  width= Бүгін жұмбақ жағдайда қайтыс болған Заманбек Нұрқаділовтың жоқтығына тура 15 жыл болды.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жүктелуде...