Жаңалықтар

Түркиядан әлемге сүйіспеншілік концерті шашуы

Түркиядан әлемге сүйіспеншілік концерті шашуы

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай Түркия Республикасы Президенті әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылатын "Жеті төбенің қаласынан жеті құрлыққа арнау" атты концерт Түркия Байланыс министрлігінің YouTube каналында жарияланады. Түркия Республикасы Президенті әкімшілігі тарапынан 23 сәуір  Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай "Жеті төбенің қаласынан жеті құрлыққа арнау" атты концерт ұйымдастырылады. Түркия Байланыс министрлігінің YouTube каналында 2020 жылғы 23 сәуір, бейсенбі күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00-да басталатын концертте Ыстамбұл көгінен бүкіл әлемге сүйіспеншілік пен бірлікке үндейтін әндер шырқалады. Юнус Эмренің "Әлем менің –ырзығым, адамзат деген –халқым" деген қанатты сөзінен бастау алатын концертте COVID-19 індетіне байланысты осы қиын-қыстау кезеңде Түркияның өнер адамдары Ыстамбұлдың әлемге әйгілі жеті биік төбесінен өз өнерлерін паш ете отырып, барша әлемге ынтымақ пен бірлік жайлы үндеулерін жолдайтын болады. Коронавирус індетіне қарсы күресте бірқатар елдерге медициналық дәрі-дәрмек жіберіп, қол ұшын созған Түркия құрлықтардың түйіскен жері Ыстамбұл қаласында жүректерді тоғыстыра отырып, бірлік пен тұтастық құндылықтарын дәріптейді. Людвиг ван Бетховеннің 9-шы симфониясының Ференц Лист тарапынан өңделген пианинодағы шығармасын орындайтын әлемдегі санаулы музыканттардың бірі Идиль Бирет “Адамзат симфониясы” атымен де танылып жүрген бұл өшпес туындыны Босфор бұғазының жанында сіздерге тарту етеді. Арфа аспабында Ширин Панджароғлу және әнші Бора Уймаз Юнус Эмренің “Мен жүрмеймін..” атты туындысын “Қыз мұнарасында” шырқайтын болады. Айя-Софияда сырнайшы Явуз Акалын “Сегах Пешрев”(Юсуф Паша), Топкапы сарайында утшы Мұрат Бағдатлы “Күрдилихиджазкар Лонга” (Кемани Себух), Галата мұнарасында сырнайшы Элиф Юрдакул Байкурт “Сиринкс” (ClaudeDebussy), Долмабахче сарайында тамбуршы Өзер Өзел және кеменжеші Аслыхан Өзел “Нихавенд саз семаи”(Месут Джемиль бей), Пьер Лоти төбесінде канун аспабында Серкан Месут Халили “Шехназ Лонга”(Сантури Эсем бей) әуендерін шашу етеді. Ыстамбұлдың ғажайып көрінісі фонымен өткізілетін концертте түрік классикасынан бөлек батыс классикалық музыкасының туындылары ұсынылады. Юнус Эмре, Мевлана, Вели Бекташ қажы, Пір Сұлтан Абдалдан Иммануил Кант, Фома Аквинский және Альфонс де Ламартинге дейін Шығыс және Батыстың әйгілі ғұламаларының махаббат мен адамгершілік сезімдеріне толы еңбектері аталмыш әуендерден орын табады. Концертті тамашалау үшін сілтеме:  https://www.youtube.com/iletisimbaskanligi