
- Күніңізді шүкірлік айтудан бастаңыз. Қолыңызда не бар, соның барлығына шүкір деңіз.
- Ерте тұрыңыз (таңертеңгі 5-6-да).
- Суды көп ішіңіз (күніне 1,5-3 литр).
- Күніңізді жоспарлап үйреніңіз.
- Мақсат қойыңыз, бірақ оған тәуелділік болмасын.
- Барлығына кешірімді болыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін су ішпеңіз.
- Негативті ортадан аулақ жүріңіз.
- Арманыңызға адал болыңыз.
- Қоршаған ортаңыз сізді алға жетелейтін адамдардан құралсын.
- Спортпен тұрақты түрде айналысыңыз.
- Мамандық тұрғысынан дамуды ешқашан тоқтатпаңыз.
- Жұмыс жасаңыз да рақаттаныңыз.
- Жұмысыңыз ұнамай ма, бас тартыңыз. Уақытыңызды жоғалтпаңыз. Ал егер мақсатыңызға апаратын жұмыс болса, жалғастырыңыз.
- Өзіңізге сеніңіз.
- Музыкалық плейлистіңізді өзгертіп тұрыңыз. Энергия қажет кезде, музыка тыңдаңыз.
- Өмірдің әрбір саласынан мұғалім табыңыз да, одан барлығын үйреніңіз.
- Кірісіңіздің 10%-ын қайырымдылыққа жұмсаңыз.
- Есіңізде болсын, бір істі идеалды етіп жасасаңыз да, оған сын айтатындар табылады.
- Кейде бала секілді болыңыз. Ақымақтық жасап, көңіл көтеріңіз.
- Есіңізде болсын, өте маңызды істерді бірінші кезекте істеу керек.
- Күнделікті жасалатын кішкентай ғана қадамдар бір күні сізді мақсатыңызға жеткізеді.
- Адамдарға күліп қараңыз. Бұлай табысты әрі мықты адамдар ғана жасайды.
- Сізді қоршаған адамдар үшін «лифт» болыңыз. Оларды тек жоғарыға көтеріңіз. Олар сізді ылғи іздейтін болады.
- Сөз адамды шабыттандырады немесе артқа итермелейді. Таңдау өзіңізде.
- Жаңа істі бастау ешқашан да кеш емес. Барлығы ниетке байланысты.
- Біреудің сәтсіздіктері туралы сөз қозғамаңыз.
Ақмарал БЕРЕКЕТ