Белсендінің ұлы Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Белсендінің ұлы Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты тың дерек шықты

"Шұғыл тергеу тобы жанжалдың ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жас жігіттері арасында туындағанын анықтады. Барлығы жұмысшылар тұратын Көктал шағын ауданында жиналған. Ақмола облысының Талапкер кентінен 20 адам келген. Сөзден басталған жанжалдың арты төбелеске ұласып кетті", - деп мәлімдеді Санжар Әділов.Төбелес ішінде, 17 жастағы Жанболат Ағаділ де болған. Пышақ астына түсіп, жедел-жәрдем көлігі келгенше ақтық сапарға аттанған. Шынтақ тұсына, жүрек жағы мен қабырғасына пышақ сұғылған Жанболаттың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бап 2-бөлігі («Адам өлтіру») және 293-бап 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің адам өлтіру факторы бойынша қатаң тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төбелес орнында болған барлық жас жігіттер анықталып, адам өлтірді деген күдікке әзірге 3 адам іліккен.Күдіктілер қазіргі таңда, елордадағы уақытша қамауға алынған.
"Үш күдікті, соның ішінде адам өлтіргені үшін айыпталып отырған адам Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Күдіктілердің аса ауыр қылмыс жасағаны қолда бар айғақтармен дәлелденіп отыр", - деді Әділов онлайн брифингте.