Отбасындағы әр балаға 18 жасқа келгенше қаржы төленуі мүмкін

Отбасындағы әр балаға 18 жасқа келгенше қаржы төленуі мүмкін

ашық дереккөзі

 width= Сенат депутаты мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды кімдерге көрсету керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Әли Бектаевтың ұсынысы 18 жасқа дейін әр балаға міндетті әлеуметтік қолдау көрсетілуі. Мемлекет тарапынан бөлінетін бұл әлеуметтік қолдау Қазақстан жастарының патриоттық сезімін оятып, елге деген махаббатын ашу үшін жасалатын игі іс.

"Балаларға берілетін жәрдемақы ең төменгі кедейшілік шегінің 70%-ін құрайды. Олай болса, оларда Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншіліктің сол деңгейде болатыны айдан анық. Мұның барлығы Қазақстанға жаңа әлеуметтік саясат енгізу қажет екенін көрсетеді. Жаңа саясат, негізінен, балаларды қорғауға және қолдауға бағытталуы қажет", - деді сенат депутаты.
Отбасындағы кіріс пен шығысты есептемей, еліміздегі әр бала 18 жасқа толғанға дейінгі төленетін әлеуметтік қолдау міндетті және кепілді болуы керек. Көмек немесе жәрдемақы емес, бұл қолдау. Сенатор Әли Бектаев "Бала капиталы" атты карточкалар жасалуы керектігін алға тартты.
"Балаларға бөлінетін бұл қаржы әлеуметтік көмек немесе жәрдемақы деп те аталмауы тиіс. "Бала капиталы" деген атаумен арнайы карточкалар арқылы әр баланың қажетіне ғана жұмсалуы керек. Әрине, ол бүгінгі әлеуметтік стандарттан әлдеқайда жоғары болуы шарт. Оған мемлекеттен қомақты қаржы да бөлінуі керек. Бірақ, балаларға жұмсалған капитал ертең еселеніп қайтатынына ешқандай да күмән жоқ", - деді сенатор.
Депутаттың айтуы бойынша, Қазақстанда арнайы әлеуметтік қор құрылып, қала мен ауылда тұратын тұрғындар деп бөлуді тоқтату керектігін жеткізді. Қор құрылу үшін, мемлекет қомақты қаржы бөліп, омен қоса кәсіпкерлерді де жұмылдыру қажет екендігін атап өтті. Өткенге шолу  Естеріңізде болса, еңбек министрлігі 2020 жылдың қаңтарынан бастап, көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан жәрдемақы төлеуді мақұлдаған еді. Отбасында бала санына қарай Қазақстандағы ең төмен жалақы есебі 42500 теңгеден 73000 теңгеге дейін жәрдемақы төленді. Тақырыпқа сай: «Бала 3-ке толғанша төленсін»: Жөргекпұл туралы ұсыныс шешімін тапты ма? Атаулы көмекті алуға қандай отбасылар өтініш берген:
  1. 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар аналар
  2. Жоғары оқу орынынды білім алып жатырған, жасы 23-ке келмеген балалары бар жас аналар
  3. Аз қамтылған отбасы
"Жөргекпұл бала 3 жасқа толғанша төленсін" деген аналардың пікіріне министр жауап берген еді. Айтуынша, барлығы бюджетке келіп тірелмек.
«Осы жылы министрлік бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан үш жасқа дейін ұзарту туралы мәселені қарады. Алайда жәрдемақыны көбейту бойынша шараларды енгізу 2026 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығының бұзылуына әкеп соғады. 2049 жылға дейін қордың қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін 2020 жылдан бастап әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін 8%-ке арттыру қажет. Бұл өз кезегінде жалақы қорына жүктемені арттырады және бюджеттен қосымша қаражат талап етеді» – ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми жауабы.
Қорыта келе, 18 жасқа дейін отбасындағы әр балаға әлеуметтік қолдау көрсетілсе, ата-аналарға да үлкен жеңілдік болар еді. Бала - болашақ. Шетелге қоныс аударып жатқандардың көбі жастар. Олардың патриоттық сезімін ояту - міндетіміз.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жүктелуде...