Өз ақшасын ел дамуына арнап, халыққа көмектесу керек - байлыққа салық салу ұсынылды
Өз ақшасын ел дамуына арнап, халыққа көмектесу керек - байлыққа салық салу ұсынылды

- байлық салығын енгізу
- ауқатты қазақстандықтардың халық алдындағы жауапкершілігі
- өз ақшасын ел дамуына арнау
"Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде халықтың бай және кедей топтары арасындағы алшақтық айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Бұл жерде яхталар, ұшақтар, элиталық жылжымайтын мүліктер, қымбат көліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сән-салтанатқа салық салу туралы сөз болып отыр. Байлық салығын енгізу Қазақстанда салық салудың әділетті жүйесін қалыптастыра алады деп есептеймін", - деп өз ойын тұжырымдаған Мұрат Бақтиярұлы экономика министрінен байлық салығы туралы жоспарын сұрады.Экономика министрі де алдағы уақытта жүзеге асатын жоспарымен бөлісті. Оның ұсынысы:
- Мүлікке жоғары бағада салық салыну
- Табыс көзіне салынатын салық
"Қазіргі таңда жаңа Салық кодексінде әділетті және айқын принциптер көзделген. Салық салу табыстарды теңестірудің тиімді құралы болып саналады. Мұнда екі бағыт бар: мүліктің бағасына қарай жоғары салық салу және тапқан табысқа салық салу. Жеке табыс салығы бойынша елде 10 проценттік бірыңғай мөлшерлеме қолданылады. Бірақ төмендетілген мөлшерлеме де бар. Мәселен, кірісі 70 мың теңгеден аспайтын азаматтарға төмен салық салынады", - деді министр.