
"Дашнакцутюн" ұйымының өкілі Ишхан Сагателян бүгін Ереван орталығындағы митингке жиналған халыққа алғыс айтты. Келесі қадам Парламенттің кезектен тыс шақырылымы болуы тиістігін атап өтті.
"Менің қадамыма" кіретін барлық депутаттардың 00:00-ға дейін уақыты бар. Егер олар белгіленген уақытта келмесе, онда біз 00:30-да пресс-конференция жасап, келесі әрекеттерімізді жариялайтын боламыз", - деді ол.
Ереванда ұлтшылдар Пашинянның өз еркімен тақтан кетіп, Қарабақ бойынша жасалған келісімді үзуді қалап отыр.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ