Мәжіліс пен мәслихатқа үміткерлерді тіркеу басталды
Мәжіліс пен мәслихатқа үміткерлерді тіркеу басталды

Олар мәслихат депутаты болып жарытпайды. Олардың уақыттары жоқ баруға. Әкімдік ішінде болып жатқан тендерлер, жиналыстарына қатыса алмайды. Уақыттары жоқ. Жағдайларын жасап қойған адамдар. Жаңағы 30-40 арасындағы жастар келсе олар қоғамдағы мәселелердің тетіктерін табар еді. Екіншіден олар жас, энергиялы, ой-пікірі бар. Біздің елде 216 осындай мәслихат бар. Ол жерде 3 мыңға тарта депутат отыр, соның ішінде тек 2 проценті ғана жастар. Халықтың мәселесін шешеміз деп барғандар жеме-жемге келгенде неге тайқып шыға келеді?Дос КӨШІМ, саясаттанушы:
«Биліктің негізгі тұтқасы әкімнің қолында болғаннан кейін мәслихатта ешқандай құзырет жоқ. Иә, оларға берілген әкімге сенімсіздік көрсету. Бірақ, оны ешкім жасамайды. Себебі, мәслихат депутаттарының көбі сол әкімдердің қолдауымен, тізімімен келетіні анық. Қысқасы біздің билік жүйесінде атқарушы билік бірінші орында тұр да, ал халық сайлап қоятын мәслихат, Мәжіліс екінші орында. Демек биліктің жүйесі бұзылуы керек. Жүйе бұзылмаса әкімнің айтқаны әр уақытта алтын болады».Міне, осындай азаматтар 3 ай бұрын ғана өткен Сенат сайлануына қатысты. Депутаттарды ел атынан тағайындады. Сол шараның бір куәсі біз болдық. Елордадан Парламентке өткен Күрішбаев мырзаны жеңісімен құттықтағанда қатты қуанбағанын аңғартқан еді. Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР Парламент сенатының депутаты:
«Я не не могу как молодой человек прыгать. Тем более в маске нахожусь. Мне было приятно. Я ждал этого момента».Мәслихаттың мәселесі белгілі болды. Бірақ, алдағы сайлаудан бір өзгеріс күтетініміз анық. Мемлекет басшысы жастар мен нәзік жандылардың үлесі 30 пайыздан кем болмасын деді. Саясаттанушы Самат Нұртаза мәжіліс пен мәслихаттың құрамы сан алуан болса жарасады деген ойын жеткізді. Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы:
«Парламентке жастардың келуі жақсы нәрсе. Себебі жастарда идея, креативті ойлар болады дегендей. Алайда біз тарихта, мәдениетке үңілсек, қазақ халқы өзі бай-шонжар, ауқатты адамдардың сөзі өтетін қазақ халқына. Сондықтан ондай тәжірибелі бизнесмен кісілердің, іскер адамдардың парламентте болғаны дұрыс деп есептеймін. Біржақты болу керек емес».Парламент мамыр айында сайлау туралы заң қабылдады. Сенатор Мұрат Бахтиярұлы бұл елеулі өзгеріс дейді. Бірақ, сол заңды орындауға келгенде бармақ басты, көз қысты көп болып кетпесе деп алаңдайды. Мұндай былық шықса атқарушы билікке сын екен. Мұрат БАХТИЯРҰЛЫ, ҚР Парламент сенатының депутаты:
«Соңғы президент сайлауында, оның адындағы парламент сайлауында да сайлау учаскелерінде бұрмалаулар болды. Мойындауымыз керек. Ондайлар болды. Халықтың билікке сенімінің бірден бір тетіктерінің бірі сол елде сайлаудың әділетті өтуіне байланысты. Келер жылы қаңтар айында болатын сайлау мүмкіндігінше билік тарапынан әділетті өткізуге тырысу керек».Мәжіліс пен мәслихаттың сайлауы келер жылдың 10 қаңтарына бекітіліп отыр. Оған дейін партиялар халық алдына шығып, абырой жинайды. Біраз шаруаны шешеміз деп уәде береді. Халық бәлкім оларға осы жолы да сенер. Науқан өткеннен кейін көппартиялы органның қандай болатынын көреміз. Укранинаның радасындай қып-қызыл төбелес ұйымдастырмаса да, қызу дебаттар болатын шығар.