Алматы облысында үйден өрт шығып, үш адам көз жұмды (видео)

Алматы облысында үйден өрт шығып, үш адам көз жұмды (видео)

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысында түрғын үйден өрт шығып үш адам көз жұмды. Оның екеуі ересек, біреу бала. Мамандар өрттің нақты неден шыққанын анықтау үстінде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Алматы облысында түрғын үйден өрт шығып үш адам көз жұмды. Оның екеуі ересек, біреу бала. Мамандар өрттің нақты неден шыққанын анықтау үстінде. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

"Пожар у соседей очень страшный. Дома они или нет незнаю".
Черешневая көшесіндегі үйдің өртенгенін алғаш көршілері байқап, бірден төтеншеліктерге хабар беріпті. Өрт сөндірушілер келгенде қызыл жалын үйді толығымен жалмап, ауызғы бөлменің төбесі опырылып ішіне құлапты. Өрт екі сағаттың ішінде толығымен сөндірілген. Түнде болған өрттен отбасының дүние мүлкі түгелімен жанып кеткен. Көршілерінің айтуынша отағасының денесі ауызғы үйде үйінді астынан табылса, екі бала мына түпкі бөлмеде болыпты. Алайда олардың сыртқа шығуға мүмкіндігі болмаған. Себебі терезелердің барлығы темір тормен қапталыпты. Көршілері бұл үйде 5 жаннан тұратын отбасы мекендегенін айтады. Оқиға орын алған кезде әйелі мен ортаншы ұлы болмапты. Өртенген үйдің ішінде 19 жастағы ұлы мен 8 жасар қызы және 44 жастағы отағасының денелері табылған. Түндегі болған сұмдық оқиғадан көрші қолаң әлін есін жия алмауда. Петр ОБМЕЛЬЧУК, көршісі:
«Оқиға түнде болды. Үш шамасында. Бізде дабыл қосылып, далаға жүгіріп шықтың. Қарасақ үй өртеніп жатыр екен. Мында өрт сөндіру көлігі, олар жалынды сөндіруге кірісті. Ал үйге жақындау мүмкін болмады. Себебі үй қызыл жалынның ортасында қалған».
Қара жамылған отбасы саяжайдағы үйді жалдап тұрыпты. Үйдің иесі ұры жиі түсетіндіктен уақытша тұруға бергенін айтады. Үй көмірмен жылитындықтан қожайыны өрт пештен шығуы мүмкін деп топшылауда. Ольга ОСЕМЛЯК өртенген үй иесі:
«Олар 2018 жылдың мамыр айынан бері тұрып келді. Оларды үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кіргізгем. Отбасының қақ-соқпен ісі жоқ, тыныш болатын. Өрт сөндірушілер екі рет шақырылыпты. Бірінші рет келіп кеткеннен кейін от қайта тұтаныпты. Өртсөндірушілер екі баланы бірден тапқан. Ал әкесін таба алмапты».
Ал төтеншеліктер осы мекенжайға алдын ала келіп қауіпсіздік талаптарын ескерткендерін жеткізді. Хабар түскен бойда келгенімен тілсіз жау лезде үйді толығымен шарпып үлгеріпті. Ерлан АХАШОВ, Алматы облыстық ТЖД басшысының орынбасары :
«Азаматтық қорғаныс органының мамандары жеке секторда алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Осы мекен жайға да келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Тұрғындарға өрт қауіпсіздің талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз».
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Жалынның нақты неден тұтанғаны арнайы сараптама қортындысынан кейін белгілі болмақ. https://www.youtube.com/watch?v=KwzW39w_TPw

Жүктелуде...