Карантин талаптарын орындау – тәртіпке, заңға бағыну
Карантин талаптарын орындау – тәртіпке, заңға бағыну


«Бұған дейін Қарабұлақ «Қазақстандағы ең үлкен ауыл», «елді етпен қамтып отырған ауыл», «халқы еңбекқор» деген жақсы атпен танылып келген еді. Енді «Карантин режимін сақтамайтын Қарабұлақ», «Заңды бұзатын Қарабұлақ», «Заңсыз құрылыс жүргізетін Қарабұлақ» деген жағымсыз аты шығып бара жатыр. Әрбір заңға бағынбаған ауыл тұрғыны, кәсіпкерлері осы атқа үлес қосуда», – деді Ұ.Сәдібеков.Қазіргі таңда мал базары өз жұмысын бастау үшін ең әуелі "InfoKazahstan" сайтына тіркелуі тиіс. Содан кейін ғана Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 қарашада шыққан №44 қаулысында көрсетілген 27 нақты талапты орындай отырып, өз жұмысын бастай алады. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер: базар аумағында дезинфекциялық ерітіндіге арналған арнайы ыдыстың болуы, әр 50-100 метрге антисептик орнату, мал базардың кіре беріс қақпаларында дене қызуын өлшеу, маскалық режим мен арақашықтықтың сақталуы, сонымен қатар көлік үшін арнайы ағаш үгіндісінен әзірленген «дезинфекциялық кілемшенің» қажеттігі түсіндірілді.

«Болмашы дүниеден саяси астар іздеп, адам жинап, дүрліктіре берудің қажеті жоқ. COVID-19 вирусы тек біздің Қарабұлақ ауылына немесе ауданға, біздің елге қауіп төндіріп қойған жоқ, бүкіл әлемді әуреге салды. Пандемияның бірінші толқынында 400-ден астам аудан тұрғыны осы індетпен тіркелді. Ал қайтыс болған адамдардың санын тіптен айту қиын. Бүкіл әлем «екінші толқыннан» қауіптеніп отырғанда, біз қалай сақтанбаймыз? Өздеріңіз білесіздер, біздің ауданда 600-ден аса ауыр жүк көліктері бар. Соның жартысы Қарабұлақта. Кім кімнен де бүгінде талап етілетіні - карантин режимін қатаң ұстану. «Сақтықта қорлық жоқ» деген, 27 талапты орындап, мал базарын аша беріңіз. Сол ғана», – деді өз кезегінде аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков.Мал базарының басшысы Уткир Хасанов жоғарыда аталған қаулының барлық талаптарын сақтай отырып, жұмысты жүйелі жүргізуге кірісетінін жеткізді. Ал ауыл ақсақалы Хамрақұл Дауранбеков және ауыл биі Рысдаулет Ысраилұлы басты игіліктердің бірі – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қорғау және оны нығайта түсуге шақырды. Мектеп пен мешіттің текке жабылып тұрмағанын айтқан ақсақалдар мал базарының да көпшілікке ортақ талаптарға сай қызмет етуі қажет деп санайтынын жеткізді.
